Приветствую Вас Гость | RSS
Суббота
18.05.2024, 12:27
Тұщықұдық сайтына қош келдіңіздер!
Главная Құжаттар Регистрация Вход
Меню сайта

Разделдер
Ислам [29]

Баға
Адай сайтын бағалаңыздар
Всего ответов: 764

Форма входа

Ауа райы

Главная » Файлы » Ислам діні » Ислам

Адасқан ағымдар Уаххабилік
15.05.2011, 09:36

            «Ихуан-ул-муслимин» деп аталатын мазһабсыздардың басшысы Сайид Қутб да "Зумар” сүресінің 3-аятына тəпсір жасаған кезде: «Тəуһид жəне ықылас иесі Аллаһтан басқа ешкімнен ешнəрсе сұрамайды. Ешқандай жаратылысқа сенбейді. Адамдар Ислам көрсеткен тəуһидтен бөлінді. Қазір барлық елдерде əулиелерге ғибадат жасалуда. Исламнан бұрынғы арабтардың періштелерге, мүсіндерге табынғаны секілді олардан шапағат тілеуде. Аллаһ көрсеткен тəуһидте Аллаһ пен құл арасында уасита, уəсилə, себеп жəне шапағат ету деген болмайды» дейді. Осы сөздерімен уаххаби екендігін жария етеді.

            Аллаһу Та’алаға тəн сипаттар "сифат-и затийа” жəне "сифат-и субутийа”, яғни, "улуһийат сипаттары” (Құдайлық сипаттары) деп аталады. Бір жаратылған нəрсеге ғибадат ету - тас, ағаш, күн, жұлдыз, сиыр, адам, ескерткіш, сурет сияқты нəрседе құдайлық сипаты бар деп санап, оған жалбарыну деген сөз. Осылай сену "ширк”, сенген адам "мүшрік” деп аталады. Бұл табынылған нəрселер "шерик”, "мабуд”, "пұт” деп аталады. Қазіргі христиандардың көбісі, буддистер, брахмандар жəне мəжусилер (отқа табынатындар) мүшрік болып табылады. Мұсылмандар ешқандай əулиеде улухиет (құдайлық) сипаты бар екендігіне сенбейді. Пайғамбарлардың, əулиелердің Аллаһтың құлы екендігіне сенеді. Сонымен қатар оларға табынбайды. Зиярат етушілермен дұға етушілердің тілектерін Аллаһтың оларға білдіретініне сенеді. Сондықтан дұғаларының, тіліектерінің қабыл болуы үшін Аллаһтың алдында көмектесулерін, шапағат етулерін сұрайды. Мұсылмандардың осындай пəк ниетпен зиярат етулерін "пұтқа табынушылыққа”, зиярат етілген Пайғамбарды жəне Исламның ұлы тұлғаларын "пұттарға” меңзеулері уаххабилердің жауыз мақсаттарын көрсетуге жетеді.

            3. Уаххабилердің үшінші бұзық сенімдері – мазардың үстіне кесене салуды, кесенелерде намаз оқуды, онда қызмет істейтіндер мен намаз оқығандарға шырақ жағуды, өлгендердің рухына садақа нəзір етуді (атау) жаиз емес (дұрыс емес) деп санауы. Уаххабилердің айтуы бойынша Харамайн (Мекке-Мəдина) халықы бүгінге дейін күмбездермен дауалдарға табынып келген екен. Əһли сүннет пен шиит тобындағы мұсылмандар сол үшін мүшрік болып саналады екен. Оларды өлтіріп, мал-мүлкін тəркілеуге болады екен. Олардың сойған малы арам болып есептеледі екен.

            Кесенеде намаз оқуға болатындығы "Қиямет жəне ақырет” кітабының 3-бөлімі болған "Мұсылманға насихаттың” 14-бабында кеңінен жазылған. "Кесене” - "бөлме” дегенді білдіреді. Кесенеге тыйым салынатын болса сахабалар (радиаллаһу та’ала анһум ажмаин) Расулуллаһты, Əбу Бəкірді жəне Омарды бөлме ішіне жерлемес еді. Кесене өлген адамға табыну үшін салынбайды. Оған құрмет көрсету, дұға етуге келгендерді жауыннан, күннен қорғау үшін салынады. "Мəжма-ул-əнхур” кітабының 2-томының 552-бетінде: «Мұхамед бин Ханафийа Абдуллаһ бин Аббасты жерлегеннен кейін қабірінің үстіне шатыр құрды. Зиярат етушілер үш күн шатырды паналады» делінген. ахабалардың жолындағы адамдар кесенені құлатпайды, кесенені салады.

            "Кəшф-ун-нур” кітабында: «Ғалымдардың, əулиелердің қабірлері үстіне кесене оларды надандардың қастандығынан қорғау үшін салынады» делінген. "Жами-ул-фəтауада” жəне "Тəнуир” кітабында: «Қабір үстіне күмбез салу мəкрух емес» делінген. "Надандар əулиелерді жаратушы деп есептемесін деп кесенелерді қиратамыз” деген сөз күпірлік болып саналады. Перғауын да солай деген еді. Бүлік шығарды деп, Мұсаны (алейһиссалам) өлтіруге тырысқан болатын. Аллаһу Та’ала əулиелерін жақсы көреді. Олардың қалаған нəрсесін жүзеге асырады. Уаххабилер болса, Аллаһу Та’алаға, əулиелерге жəне бүкіл мұсылмандарға су-и зан (жаман ойда, күмəнда болу) етуде. Мұсылманға су-и зан ету – харам. Əулие тірі кезінде де, өлгеннен кейін де ешнəрсе жаратпайды. Аллаһу Та’аланың жаратуына себеп болады. Əулиелердің рухтары қабірдегі денелерімен қатынаста болады. "Қунуз-уд-дəқаиқ” кітабында жазылған Дəйлəмидің көрсеткен хадисінде: «Өлгеннен кейін де тірі кезімдегідей білетін боламын» делінген. Тірі немесе қайтыс болған əулиенің файзына, мейіріміне бөлену үшін, одан пайда ала білу үшін оны жақсы көріп, құрметтеу керек. Надан халық өлген кісіні жер астында əрекетсіз жатқанын көріп, өзінен төмен санайды. Кесенені барлық адамдардың құрметтеп, зиярат етіп жатқанын көрсе, ол да оны құрметтейді. Яғни, кесене өлген адам үшін емес, тірі адамдардың құрмет көрсетіп, зиярат етулері, əулиенің файзымен берекетінен пайдаланулары үшін салынады. Əһли сүннет ғалымдары: «Қабірдің үстіне əсемдік үшін, мақтаныш үшін кесене салу - харам, ұмыт болып кетпеу үшін салынса - мəкрух. Мəйітті ұрыдан, аңнан қорғау үшін салынса - мəкрух болмайды. Мəйітті алдын ала салынған кесенеге жерлеу жаиз (болады)» деген. Расулуллаһ ұлы Ибрахимнің қабірін бір қарыс биік етіп жасатты. Жəне оны сылатты. Бір күні Ибрахимнің қабірінің бір шеті ашылып қалғанын көріп, ол жерді бітегендігі "Хуласа” кітабында жазылған. Ислам ғалымдарының ешқайсысы кесенелерді пұтқа ұқсатпаған. Ең ауыр жазғаны да "харам” деген. Кесене зиярат етіп, əулиелерді тауассул еткен мұсылмандарға ешбір Ислам ғалымы су-и зан етпеген, жамандамаған. "Фатх-ул-мəжид” уаххаби кітабының 242-бетінде: «Ибни Хажар Мəкки "Зəуажир” кітабында "Қабірдің үстіне күмбез салу үлкен күнə. Мұсылман патшаларының, əкімдерінің бұл күмбездерді бұзуы - уəжіп. Ең алдымен Имам Шафиидің күмбезін қирату керек” деген» деп жазады. Алайда, Ибн Хажари Мəкки (рахметуллаһи алейһ) "Зəуажир” кітабында: «Қабірлердің үстіне күмбез салу - үлкен күнə» демейді. «Жалпылама, яғни көп адам көмілетін жəне уақыф етілген (мұсылмандардың жалпы қолдануы үшін садақа етілген мүлік) мазараттардағы кесенелерді бұзу керек. Өйткені, орын алып, басқа мұсылмандарды көмуге кедергі келтіреді» дейді (Яғни мəйіттің өз мүлікі болмаған жерлерде басқалардың көмілу құқығын шектегені үшін кесене салынбасын дейді). Имам бұл жерде кесене салуды, оны зиярат етуді күпірлік деп санамайды. Аяттар мен хадистердің мағыналарын өзгертуден тартынбаған уаххабилердің əһли сүннет ғалымдарының кітаптарындағы мəліметтермен сөздерін де бұрмалап, өзгертіп жазып, мұсылмандарды алдауға тырысқандығының айқын бір дəлелі Ибн Хажар Мəккиге жапқан осы жаласы болып табылады.

            Ибн Хажари Мəкки "Фəтауа-и фикһийа» кітабының 125-бетінде: «Пайғамбарлардың кесенелерінде намаз оқу сахих (дұрыс). Тіпті мəкрух та емес. Пайғамбарлар мазарларында тірі. Бірақ, олардың өмірі біздің өміріміз сияқты емес, олардың ішіп-жеуі, ғибадат жасауы қажет емес. Періштелердің өміріне ұқсайды Лəззат алу үшін ғибадат жасайды, өйткені, қабір өмірінде Аллаһты сезіну мүмкіндіктері дүние өміріндегіден жетілген сипатта» деп жазады.

            Судандық Ислам ғалымы Тахир Мұхаммед Сүлеймен Малики "Захират-ул-фикһил-кубра” кітабында былай дейді: «Қабір үстіне кесене салудың төрт шарты бар. Қабір орны мəйіттің жеке мүлкі болуы керек. Кесенеде бидғат жасамау керек. Кесенелер мақтаныш үшін салынбау керек. Қабірдегі əулиелерге белгі ретінде салынуы керек. Ибн Таймийаны бұзық ниеттегі сөздерінің еш мəні жоқ».

            Мұсылман екендігін айтып, ғибадат жасайтын, яғни "əһли қыбла” деп аталатын адамның əһли сүннетке қайшы келетін сенімі, мағынасы ашық анық бір дəлелді жоққа шығаратын сипатта болса, бұл тəуил (басқа мағына шығару) арқылы болса да, болмаса да күпірлік болады. Ол кісі "мулхид” деп аталады. Бұл сенімі ашық емес, күмəнді бір дəлелдің əр түрлі мағыналарынан ашық жəне мəшһүр болғанына қайшы болса жəне бұған тəуил (басқа мағына шығарып, түсіндірме бере алса) жасай алса, күпірлік болмайды, бидғат болады. Тəуил жасаудан хабары болмай, бидғатшы ғалымдардың жолын ұстанса немесе нəпсісінің қалауына еріп, дүниелік пайда үшін солай сенген болса, тағы да күпірлік болады.

            Əһли сүннет болсын, бидғат өкілі болсын, дінін дүниелік пайда үшін қолданған надан адам "соқыр діншіл” деп аталады. Ешқандай дінге сенбей, мұсылмандарды алдап, олардың имандарын жою, Исламды өз ішінен құлату үшін мұсылман болып көрініп, күпірлікке себеп болған нəрселерді дəлелдеу үшін дəлелдерден қате мағына шығарған адамдар "зиндық” (дінсіз) деп аталады. Бидғатшылар, мулхидтер жəне олардың жолын ұстанған надан адамдар "мазһабсыздар” болып  саналады. Мазһабсыздар мен иман ұрысы болған зындықтар "діндегі реформаторлар” ретінде танылуда.

            Ибни Абидин (рахметуллаһи та’ала алейһ) "Рəдд-ул-мухтар” кітабында үтір намазы туралы: «Үтір намазының негізін, яғни ғибадат екенін қабылдамаған адам кəпір болады. Егер дəлелінен басқа мағына шығарса немесе дəлеліне күмəн келтіріп, қабылдамаса кəпір болмайды. (Бидғат өкілі болады). Барлық уəжіптер мен сүннеттер де осылай. Өйткені, үтір намазы – дінде зарури (міндетті түрде) білінетін танылған ғибадат, мұны "Ижма-и уммат” көрсетіп тұр. Ижма-и үммат (үмбет ғалымдарының ауызбірлігі) арқылы білдірілген зарури (міндетті) ғибадатқа тəуилсіз (шариғатқа сай немесе күмəнді болса да басқа мағына шығармастан) сенбеу ханафи ғалымдарының үкімі бойынша күпірлік болады. Дінде бар екендігі зарури (міндетті түрде) білінетін нəрсе деген сөз – дінімізде бар екені сауатсыздарға да мəлім болған діни үкімдер, мəліметтер дегенді білдіреді. Бұл - бес уақыт намаздың парыз екендігіне сену сияқты нəрсе. Тек ғалымдар ғана білетін дін үкімдерін қабылдамау күпірлік болмайды. Мысалыға мирас ілімінде əженің мұраның алтыдан бірін алатындығын қабылдамау осыған жатады».

            Ибн Мəлəк (немесе Мəлік) "Манар” шархында (түсіндірмесінде) былай дейді: «Ижма – "бірігу” деген сөз. Бір ғасырда өмір сүрген мужтаһидтердің бір істің үкімі бойынша бірігуі. Бұл – сөз немесе əрекет болуы мүмкін. Ижтиһад жасау керек етпейтін нəрселерде бір ғасырда өмір сүретін мұсылмандардың барлығы бірігуі керек. Бірігу - бірдей сөз айту немесе бірдей іс жасау болып табылады. Бір ғасырда өмір сүретін мужтаһидтердің бір бөлігі айтса немесе жасаса, қалғандары естіп, үндемесе, қарсы болмаса Ханафи мазһабы бойынша ижма болады. Шафии мазһабында бұл ижма болып есептелмейді. Ижтиһад істерінде ижма иесі болу үшін мужтаһид болу керек. Құран Кəрімнің, намаз рəкаттарының жəне зекет мөлшерінің, нанды қарызға алудың жəне моншаға барудың бізге нақыл жолымен жеткізілгендігі секілді ижтиһад ету қажетсіз нəрселердің ижмасында мужтаһид болу керек емес. Мұндай нəрселерде мужтаһид еместердің ижмалары да қолданыла береді. Бірақ, олардың бидғат өкілі жəне пасық (күнəһар) болмауы керек (сол үшін де шииттер мен уаххабилердің кітаптарында жазылған қате нəрселер ижма бола алмайды. Харам, халал жəне парыздар үшін дəлел болмайды). Мұндай ижмалар (ауызбірлігі) жүзеге асу үшін сахабалар мен əһли бəйттің ұрпағы болу шарт емес. Мəдинаның тұрғыны болуы да керек емес. Көптеген ғалымдардың пікірінше "сəлəф” деп аталатын бұрын келген ғұламалардың əр түрлі білдірген мəселесінде кейін келген ғалымдардың ижма етуі (ауызбірлігіне келуі) жаиз болады. Бір мужтаһид басқаша ижтиһал етсе ижма жүзеге аспайды. Хабар-и уаһидпен, яғни бір-ақ кісі хабар берген хадисте жəне мужтаһидтің қияс жасауымен шығарған үкімінде ижма етуге болады. Аяттар мен мəшһүр хадистерден анық түсінілетін үкімдерде ижма болмайды. Олардың өздері онсыз да дəлел болып  табылады. Сəлəф-ус-салихиннің, яғни сахабалардың (радиаллаһу та’ала алейһим ажмаин) біздерге əр ғасырдың ижмасы (ауызбірлігімен) мен келген ижмалары мутауатыр хадис сияқты, яғни сахабалардың ондай ижмаларын үйреніп, соларға сай əрекет етуіміз керек. Бұған Құранның Аллаһтың сөзі екендігі, намаз бен оразаның, зекеттің парыз екендігі жатады. Бір салих адам арқылы жеткен ижмалар болса, уаһид хабармен білдірілген хадистер сияқты болып табылады. Олармен тек əрекет ету уəжіп, оның ілімімен білу (сену) уəжіп емес. Түс намазынан бұрын төрт рəкат сүннет оқу осыған жатады.

            Ижманың дəрежелері бар. Сахабалардың ашық түрде жəне əр ғасырдың ижмасы арқылы хабар берілген ижмалары аяттар мен мутауатыр хадистер сияқты қуатты болып саналады. Қабылдамаған, сенбеген адам кəпір болады. Сахабалардың біразы ижма етіп, қалғандары үнсіз қалған ижмалар да нақты дəлел болса да, оны қабылдамаған адам кəпір болмайды. Ижманың үшінші дəрежесі - сахабалардың басқа-басқа пікірде болмаған мəселелерінде кейінгі ғасырлардың ижмасы. Олар мəшһүр хабарлар сияқты қадірлі саналады. Одан кейінгісі – сахабалардың əртүрлі ижтиһад еткен үкімдерінде кейін келгендердің ижмасы (ауызбірлігіне келуі). Олар уаһид хабармен білдірілген хадистер сияқты болып, онымен əрекет ету - уəжіп, иман ету - уəжіп емес. Бір ғасырда өмір сүрген мұсылмандар (ғалымдар) бір мəселе бойынша ауызбірлігіне келмесе (басқа басқа қарастарда болса), кейін келгендердің осы əртүрлі сөздердің ешқайсысына сай болмаған жаңа үкім шығаруы түбегейлі түрде бұрыс болады. Бұл сөздерден басқа жаңаша бағытта сөз айтуылары жаиз болмайды.

            Қияс - бір нəрсені басқа нəрсеге ұқсату деген сөз. Фикһта үкімі аят пен хадистен ашық түсінілмейтін бір нəрсенің үкімін осыған ұқсайтын басқа нəрсенің үкімінен түсіну дегенді білдіреді. Қиястың да дінімізде дəлел екендігі ақыл жолымен де нақыл жолымен де белгілі. «Ей, ғылым иелері! Итибар етіңдер! (Назар аударып, байланыстырыңдар)» деген аяти кəрима «Білмегендеріңді білгендеріңмен салыстырыңдар!» дегенді білдіреді. Өйткені, "итибар” – "ұқсату” деген сөз. Сахабалардан Муаз бин Жəбəл (радиаллаһу анһ) Йеменге барып, ижтиһад ететінін айтқанда Расулуллаһтың риза болып, оны мақтауы қиястың дінімізде дəлел екенін көрсетеді. Қиястың шарттары, рукндері, үкімдері жəне дафи болады. Мужтаһидтің оларды білуі керек». "Манар” шархынан алынған үзінді аяқталды.

            Əһли сүннет мұсылмандарына уаххабилердің жасаған қарсылықтары мен жапқан жалаларына Ислам ғалымдары түрлі жауаптар береген. "Усул-ул-арбаа фи тардид-ил уаххабия” кітабын оқыған адам уаххабилердің алданғанын, тура жолдан тайғандығын, мұсылмандарды пəлекетке сүйреп жатқандығын аңғарады. Бұл кітапта былай делінген:

            «Аллаһу Та’аладан басқа нəрсеге тағзым етуге, яғни ұлықтауға болатынын Құран Кəрім, хадистер жəне сəлəф-ус-салихиннің сөздері мен істері, сондай-ақ көптеген ғалымдар көрсеткен. "Хаж” сүресінің 32-аятында: «Кімде-кім Аллаһу Та’аланың шə’аиріне (белгілерін) тағзым етсе (ұлықтаса), ол іс жүректердің тақуалығынан» делінген. Сол үшін Аллаһу Та’аланың шə’аирін - белгілерін ұлықтау уəжіп болды. "Шə’аир” сөзі "белгі”, "нышан” дегенді білдіреді. Абдулхақ Дехлеви «Шə’аир – "ша’ира” деген сөз. Ша’ира "белгі” дегенді білдіреді. Көрінгенде Аллаһу Та’аланы еске түсіретін барлық нəрсе Аллаһ Тағланың шəаирі (белгісі) болады» дейді. "Бақара” сүресінің 158-аятында: «Сафа мен Мəруə Аллаһу Та’аланың  шə’аирлерінің ішінде» деп бұйырылған. Бұл аяттан Аллаһу Та’аланың шə’аирлерінің осымен шектелмегені көрініп тұр. Сол секілді шə’аирге тек Арафат, Муздалифа жəне Мина деген жерлер жатпайды. Олардан басқа шə’аирлер (белгілер) де бар. Шах Уəлиуллаһ Дехлеви "Хужжатуллаһ-ил-балиға” кітабының 69-бетінде: «Аллаһу Та’аланың ең ұлы шə’аирлері төртеу: Құран Кəрім, Қағба-и Муаззама, Пайғамбарлар жəне намаз» дейді. Шах Уəлиуллаһ (рахимаһуллаһу та’ала) "Əлтаф-ул-қудс” кітабының 30-бетінде: «Аллаһу Та’аланың шə’аирін (белгілерін) тағзым, ұлықтау, жақсы көру – Құран Кəрімді, Пайғамбарды (алейһиссалам) жəне Қағбаны жақсы көру деген сөз. Тіпті, Аллаһу Та’аланы еске түсіретін барлық нəрсені жақсы көру деген сөз. Аллаһу Та’аланың əулиелерін жақсы көру де осыған кіреді» дейді. [Өйткені, «Əулиені көрген кезде Аллаһ еске түседі» деген хадис шəриф Ибн Əби Шейбеде жəне "Иршад-ут-талибин” жəне "Қунуз-уд-дəқаиқ” кітаптарында жазылған. Бұл хадис шəрифтен Аллаһу Та’аланың шə’аиріне (құрметке лайық белгілеріне) əулиелердің де кіретіні түсініледі. Əулиелерді ұлықтау, құрметтеу үшін, олардың қабіріне кесене салуға болатыныдығы "Жами-ул фəтауа” кітабында да аталған.] Мекке қаласындағы масжид-ул-харамның қасындағы Сафа жəне Мəруə деген екі төбенің арасында Исмаил алейһиссаламның анасы Хажар барып келгендіктен бұл екі төбе Аллаһу Та’аланың шə’аирі (белгісі) болған. Ол жер қасиетті ананы еске түсіруге себеп болса, бүкіл жаратылыстың ең ұлысы жəне Аллаһу Та’аланың сүйіктісі болған Мұхаммед алейһиссаламның туып-өскен, ғибадат жасаған, көшкен, намаз оқыған, қайтыс болған жері жəне қасиетті кесенесі мен отбасының, сахабаларының орындары неге шə’аир (қасиетті белгі) болмасқа? Олар не үшін қиратылуы тиіс?

Категория: Ислам | Добавил: By_Raiko9254
Просмотров: 2190 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Мини-чат
200

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2024