Приветствую Вас Гость | RSS
Суббота
18.05.2024, 12:42
Тұщықұдық сайтына қош келдіңіздер!
Главная Құжаттар Регистрация Вход
Меню сайта

Разделдер
Ислам [29]

Баға
Адай сайтын бағалаңыздар
Всего ответов: 764

Форма входа

Ауа райы

Главная » Файлы » Ислам діні » Ислам

Адасқан ағымдар Уаххабилік
15.05.2011, 09:38

            Табарани риуайат еткен бір хадис шəрифте Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уə сəллəм) дұға еткен кезде: «Пайғамбарыңның жəне одан бұрын келген пайғамбарлардың ақысы (құрметі) үшін» дейтін. Расулуллаһ арқылы немесе басқа пайғамбарлар не болмаса əулиелер арқылы "тəуəжжуһ ету, "тауассул ету, "истиғаса етужəне "ташаффу ету” деп келетін сөздердің барлығы "салих кісі арқылы, оны ортаға қойып, Аллаһқа жалбарыну” деген мағынада қолданылады. Амал жəне ғибадаттар(ды ортаға қойып) арқылы да жалбарынуға болатынын Ислам діні білдірген. Ескі заманда бір үңгірге кіріп, қамалып қалған адамдар Аллаһ үшін жасаған қайырлы істерін айтып, жалбарынған кезде үңгірдің аузындағы тас ашылып, олардың шыққандығы хадис шəрифте келген. Орындалған жақсы амалдармен ғибадаттарды себеп, уəсилə (ортаға қойып) етіп оқылған дұғалар қабыл болса, сондай ғибадаттарды орындағандарды себеп, уəсилə етіп, олардың құрметіне деп жасалған дұғалар, əрине, қабыл болады. Омар Бин Хаттаб (радиаллаһу анһ) хазіреті Аббасты себеп етіп жаңбыр дұғасын оқыды.  Сахабалардың ешқайсысы бұған қарсы ештеңе демеді. Расулуллаһты жəне оның қабірін уəсилə (себеп) қылмай, хазіреті Аббас арқылы дұға етуі - өзін төмен санағандығынан жəне Расулуллаһтың туысын өзінен жоғары санағандығынан еді. Хазіреті Аббаспен тауассул етуі негізінде Расулуллаһпен тауассул етуі болып табылады. «Тəуəжжуһ, тауассул жəне истиғаса сөздері дұғаның қабыл болуы үшін себеп қылынған салих кісінің оны себеп етіп дұға еткен кісіден əрқашан да артық екенін көрсетеді» деу дұрыс болмайды. Расулуллаһ бір дұғасының қабыл болуы үшін Мекке мухажирлерін себеп еткен. Истиғаса – "біреуден бір нəрсе сұрау үшін, оның катты жақсы көретін адамынан көмек сұрау” дегенді, яғни "сол адам арқылы сұрау” дегенді білдіреді. Сол адам арқылы сұралғанда, көзденген мақсатқа, тілекке жету оңай болады. Дұғаның қабыл болуы үшін Расулуллаһпен немесе қабірдегі бір əулиемен истиғаса қылынады. Осылайша дұға қабыл болады. Дұғаны қабылдайтын тек Аллаһу Та’ала. Оған себеп, уəсилə болатындар – пайғамбарлар, əулиелер. Аллаһу Та’ала шынайы ғаус, ал Расулуллаһ болса, ауыспалы мағынада ғаус саналады. Бухари хабарлаған хадис шəрифте: «Қиямет күні алдымен Адам алейһиссалам арқылы, сосын Мұса алейһиссалам арқылы, кейін Мұхаммед алейһиссалам арқылы истиғаса етіледі» делінген. Сондай-ақ, Расулуллаһ арқылы истиғаса немесе тауассул ету – оның дұға етуін қалау дегенді білдіреді. Өйткені, ол қабірінде тірі. Сұрағандардың тілегенін түсінеді. Сахих Бір хабарда: «Əмир-ул-муминин Омар (радиаллаһу анһ) дəуірінде жұт болды. Сахабалардың бірі пайғамбарымыздың қабіріне келіп: «Ей  Расулуллаһ! Үмбетіңе жаңбыр жауы үшін дұға ет! Үмбетің өлер халге жетті» деді. Расулуллаһ алейһиссалам оған түсінде көрініп, жаңбыр жауатынын айтты. Шынында да солай болды. Пайғамбарымыз сахабаға түсінде: «Омарға барып, сəлемімді жəне жаңбыр жауатынын айт. Жұмсақ мəміледе болсын де!» деп те айтқан. Омар (радиаллаһу анһ) қатал адам болатын. Діннің бұйрықтарын орындауда қатаңдық танытатын. Əлгі сахаба халифаға барып, болған жайды айтып береді. Халифа тыңдап жылайды. Бір хабарда келуі бойынша бұл түсті көрген адам сахаба Билал бин Харис Музани еді. Бұл жерде түске емес, сахабаның Расулуллаһтың қабіріне барып, оны тауассул еткеніне назар аудартамыз. Бұдан Расулуллаһ тірі кездегі сияқты қайтыс болғаннан кейін де одан тілектің қабыл болуы үшін дұға етуін қалауға болатындығы аңғарылады. Қиямет күні де үмбеті үшін шапағат етеді жəне шапағаты қабыл болады. Мұны Ислам ғалымдары ижмамен (бірауыздан) айтқан. Абдуллаһ бин Аббастың (радиаллаһу анһума) жеткізген хадисінде: «Аллаһу Та’ала Иса алейһиссаламға: "Ей Иса! Мұхаммед алейһиссаламға иман келтір! Сенің үмбетіңнен оның заманында өмір сүретіндердің Оған иман келтіруін бұйыр! Мұхаммед алейһиссалам болмағанда, Адам пайғамбарды жаратпас едім. Мұхаммед алейһиссалам болмаса, жұмақты, тозақты жаратпас едім. Аршты судың үстінде жараттым. Қимылдай бастады. Үстіне "Ла иллаһə иллаллаһ” деп жазған соң тоқтады” дейді» делінген. Бұл хадисті Хаким сахих дəлелдерімен хабар берген. Осындай жоғары дəрежелі жəне аса қадірлі, Жаратушысының нығметіне бөленген Пайғамбарды себеп етіп, Оның шапағатын тілеп, оқылған дұға қалайша қабыл болмайды?!

            "Шауаһид-ул-хақ” кітабында Имам Субкиден алынған сөзде былай делінеді: «Расулуллаһпен тауассул ету (жалбарынудың) екі түрлі болады:

            1. Оның жоғары мəртебесі, берекеті үшін Аллаһу Та’аладан сұрау. Мұндай дұға етерде тауассул, истиғаса жəне ташаффу сөздерінің кезкелгені қолданылады. Үшеуі де бір нəрсені білдіріп тұр. Осы сөздерді қолданып дұға етген кісі Расулуллаһты себеп етіп Аллаһтан сұрауда. Оны ортаға қойып Аллаһу Та’аладан истиғаса етуде. Дүние жұмыстарында да бір кісіден оның жақсы көретін адамы арқылы бір нəрсе сұралатын болса, дереу береді.

            2. Тілекке жету үшін Расулуллаһтың Аллаһу Та’алаға дұға етуін одан сұрау. Өйткені, ол қабірде тірі. Ол арқылы дұға еткендердің тілегендерін есітіп түсінеді жəне Аллаһтан сұрайды. Қиямет күнінде де шапағаты сұралады, ол шапағат етеді жəне шапағаты қабыл болады.

            Шихабуддин Рамли (рахметуллаһи та’ала алейһ) былай дейді: «Пайғамбарлар мен əулиелер қайтыс болғаннан кейін де олар арқылы истиғаса не тауассул етіледі. Пағамбарлар қайтыс болса, мұғжизалары бітпейді. Əулиелер қайтыс болса да кереметтері бітпейді. Пайғамбарлардың мазарда тірі екендігін, намаз оқитындығын, қажыллыққа баратынын хадистер ашық түрде көрсетеді. Шəйіттердің де тірі екендігі, кəпірлермен соғысқанда көмекке келетіндігі мəлім».

            Хаким келтірген сахих хадисте: «Адам алейһиссалам жаннаттан шығарылған соң көп дұға етті. Тəубесі қабыл болмады. Соңында: "Ей Раббым! Ұлым Мұхаммедтің құрметі үшін маған мейірімділік таныт” дегенде дұғасы қабыл болып, "Ей Адам! Мұхаммед алейһиссаламның есімімен не қаласаң да орындар едім. Мұхаммед болмағанда, сені жаратпас едім” деп бұйырылды» делінген. Бұл қудси хадис "Мəуаһиби лəдуннийа” жəне "Əнуар-и Мухаммади” кітаптарының басында да жазылған. Мұны Алуси де "Ғалия” кітабының 109-бетінде кеңінен жазған. Бұл дұғаларда өтетін "хақ”, "ақы” сөзі - "құрмет”, "абырой” жəне "құн” дегенді білдіреді. Яғни "бір əулиенің ақысы үшін” делінгенде, сол əулиенің Аллаһ алдындағы қадірі, абыройы, құны үшін сұралған болады. Өйткені ешбір жаратылыстың ешқандай тұрғыдан Аллаһта ақысы жоқ.

            Ол кезде Мұхаммед алейһиссалам дүниеде жоқ болатын. 313 мың жылдан кейін дүниеге келеді. Адам алейһиссалам оны қайдан білді?

            Адам пайғамбар жұмақта жүргенде, жаннаттың əр жерінде жəне Аршта "Ла илаһə иллаллаһ Мухаммадун Расулуллаһ” деген жазуды көреді. Оның Аллаһу Та’аланың ең сүйікті құлы екенін осыдан түсінген еді. Бұл жерде Ислам əріптерімен жазылған еді. Демек, ол əріптер де адамға тəн емес. Əлем мен Адам жоқ кезде ол əріптер бар болатын. Барлық кітаптар сахифалар (рисала) Ислам əріптерімен жіберілген.

            Бұл дұғалар Аллаһу Та’аланың сүйген адамдары арқылы жалбарыну, яғни оларды араға салып, солардың құрметіне Аллаһтан тілеуге болатынын көрсетеді. Ибни Абидин (рахметуллаһи та’ала алейһ) "Радд-ул-мухтар” кітабының 5-томының 524-бетінде: «Расулуллаһты араға салып, Аллаһу Та’алаға дұға ету өте жақсы болады. Бұрын жəне кейін келген ғалымдардың ешқайсысы бұған қарсы ешнəрсе айтпады. Тек Ибн Таймийа ғана қарсы шықты. Ешкімнің айтпаған нəрсесін айтып, ортаға бидғат шығарды. Мұны Имами Субқи жақсы түсіндіріп берген» дейді.

            Ахмед бин Сайид Зəйни Дахлан (рахметуллаһи та’ала алейһ) - Меккенің мүфтиі, ғалымдардың басшысы жəне шафии мазһабының шайхы еді. Бірнеше еңбектері бар. "Хуласат-ул-кəлам фи баяни умара-ил бəлəд-ил-харам”, "Фиррадди алал- уаххабиати атбаи мазһаби Ибни Таймийа” жəне "əд-Дурар-ус- санийа” кітаптарында уаххабилердің, мазһабсыздардың ішкі ниеттерін түсіндіріп, қате жолдағы бұзық екендіктерін аяттармен хадистер арқылы көрсетеді. "Хуласат-ул-Кəлам” кітабында былай дейді: «Расулуллаһ тірі кезде де, қайтыс болғаннан кейін де оны себеп етіп дұға ету сахих (дұрыс) жəне жаиз (рұқсат). Сол сияқты əулиелер мен салих адамдарды себеп ету арқылы дұға оқуға болатынын хадис шəрифтер көрсетуде. Хазіреті Омардың жаңбыр дұғасына шығарда хазіреті Аббасты ертіп баруы – Расулуллаһтан басқа адам арқылы да дұға етуге болатынын көрсету үшін еді. Əһли сүннет ғалымдары айтады: "Əсерді беретін, жарататын, пайда мен зиян əкелетін, жоқ ететін-тек Аллаһу Та’ала. Оның серігі жоқ. Пайғамбарлар жəне барлық тірі жəне өлген адамдар əсер, пайда жəне зиянды жарата алмайды. Тек Аллаһу Та’аланың сүйікті құлдары болғандықтан олардан берекет күтеміз. Ал мыналар (адасқандар) тірі адамның əсер ете алатыныны, өлген адамдардың əсер ете алмайтынына сенеді». "Фатх-ул-мəжид” уаххаби кітабының 70, 77, 98, 104, 239, 248, 323, 503 жəне 504-беттерінде: «Мəйіттен жəне ұзақтағы естімейтін, көріп тұрмаған тірі адамнан бір нəрсе сұраған (тілеген) адам мүшрік болады. Адамнан құдіреті жететін нəрселерді сұрауға болады. Тек Аллаһтың құдіретімен болатын нəрселерді адамнан сұрау жаиз емес (болмайды)» делінген. 70-бетінде: «Тірі адам өзінен сұралған нəрсе үшін дұға етеді. Аллаһ оны қабыл етіп, ол нəрсені жаратады. Өлі немесе алыстағы адамнан сұрау - оның құдіреті жетпейтін нəрсені сұрау деген сөз. Бұл ширк болады» дейді. 136-бетінде: «Салих адамдардың қабірлері арқылы жалбарыну – Лат, Манат пұттарына табыну сияқты ширк» делінген. 208-бетінде: «Қажет нəрсесін өлген адамнан сұрау - ширк. Өлген адамнан шапағат етуді сұрау - надандық. Ол Аллаһтың рұқсатынсыз ешкімге шапағат ете алмайды. Одан истиғаса ету, шапағатын сұрау – оның шапағат етуіне рұқсат берілуіне себеп қылынбаған. Шапағатқа қауышуға себеп – иманды болу. Истиғаса ету ширк болғандықтан шапағат етуге тосқауыл болуда» делінген. Алайда, бұл кітап өз сөздерін өзі теріске шығарады. Өйткені, 200-бетінде: «Көктер Аллаһтан қорқады. Аллаһ көктерде сезім жаратқан. Олар сезеді, түсінеді. Құранда жердің жəне көктердің тəсбих еткендігі білдірілді. Расулуллаһтың алақанындағы тастардың тəсбих айтқандығын жəне мешіттегі ханнана деген тіректің жылағандай дыбыс шығарғанын жəне тағамның тəсбих еткенін сахабалар естіді» делінген.

            Тауда, таста, тіректе сезім мен түйсіктің бар екенін айтып, пайғамбарлар мен əулиелерде сезім болмайды деулері таңқаларлық жағдай. "Тірі адамдар тауассул етіледі, өлілер тауассул етілмейді” деп, өздері мүшрік болуда. Өйткені, бұл сөз тірілер естиді, əсер етеді, өлгендер естімейді, əсер етпейді дегенді білдіреді. Аллаһтан басқа адамның əсер ете білетініне сену болады. Осылай сенген адамдарды өздері мүшрік деп атайды. Алайда, өлі де, тірі де текқана себеп болады. Əсер ететін, жарататын - жалғыз Аллаһу Та’ала. Тауассул, ташаффу, истиғаса жəне тəуəжжуһ бəрі бір мағынада. Бəрі де жаиз. Бұхари хадисінде: «Қиямет күні адамдар алдымен Адам алейһиссаламға истиғаса етеді» деп бұйырылған. Ұлы сахаба Билал бин Харис расулуллаһтың қабіріне барып: "Ей Расулуллаһ! Үмбетің үшін жаңбыр жауын сұра” деді. Жаңбыр жауды. Пұттар бізге шапағат жасайды деп санайтын кəпірлер пұттарға табынатын. Ал, шапағат тілейтін муминдер пайғамбарлар мен əулиелерге табынбайды. Екеуін бір деп ойлау қандай ақымақтық. "Фатх-ул-мəжид” уаххаби кітабынынң 209-бетінде: «Құран Кəрімде "Тек Аллаһтың рұқсат беруімен шапағат етіледі” жəне "Тек риза болған адамдарына шапағат етеді” делінген. Шапағат сұрап молаға барған адам өзіне шапағат ету үшін Пайғамбарға рұқсат берілетінін қайдан біледі? Өзінің Аллаһтың ризалық білдіргендерінің қатарында екенін қайдан біліп, шапағат сұрайды?» делінген. Бұл сөздері хадис шəрифтерге қайшы келеді жəне өз сөзін өздері теріске шығарады. Өйткені, осы кітаптың 208-бетінде уаххаби өз ауызымен: «Шапағатқа қауышудың себебі - иман» деген еді. Азан шақырылғаннан кейін оқылуы бұйырылған дұғада Аллаһу Та’аланың Пайғамбарымызға (алейһиссалам) фазилə жəне уəсилə (ізгілік пен себеп болу) дəрежелерін уəде еткендігі көрсетілген. Бұл дұғаны оқығандарға жəне салауат айтқандарға, сондай-ақ қабіріне зиярат жасағандарға Пайғамбарымыз шапағат ететінін айтты. Сол сияқты қаншама хадис шəрифтер Пайғамбарымызға қалаған адамына шапағат етуге рұқсат берілгенін айтады. «Үлкен күнə жасағандарға шапағат етемін» деген хадис шəриф иманы бар барлық адамға шапағат ету үшін өзіне рұқсат берілгендігін көрсетуде. Юсуф Набханинің (рахметуллаһи алейһ) "Шауаһид-ул-хақ” кітабының 130-бетіндегі қырық хадистің он үшіншісінде: «Қиямет күні шапағат етемін. "Ей Раббым! Жүрегінде қышаның түйіріндей иманы бар адамдарды жұмаққа жібер” деймін. Олар жаннатқа барады. Сосын жүрегінде аз ғана нəрсе барларға "Жаннатқа барыңдар” деймін» делінген. Бұл хадис Бухари тарапынан білдірілген. Истиғаса – тауассул ету, уəсилə-себеп ету, жəрдем сұрау, тілеуін қалау деген сөз. Пайғамбардан шапағат тілеу. Оны себеп етіп, Аллаһу Та’аладан иманмен өлуді тілеу дегенді білдіреді "Фатх-ул-мəжид” уаххаби кітабының көптеген жерінде, мысалыға 323-бетінде: «Алыстағы жəне өлген адамдарды истиғаса ету, олардан пайда күту - ширк. Аллаһ мүшріктермен соғысуды бұйырады» деген. Алайда, Пайғамбарымыздың өзі дұға еткенде «Ей Мұхаммед, сені себеп етіп, (сенің құрметің үшін) Раббыма тəуəжжуһ етемін, жалбарынамын» дейтін. Ол қайтыс болғаннан кейін де сахабалар осы дұғаны оқитын. Табаранидің көрсеткен бір хадисінде: «Шөлде жалғыз қалған адам бір нəрсе жоғалтса, "Ей, Аллаһтың құлдары, маған көмек беріңдер” десін. Өйткені, Аллаһу Та’аланың сендердің көздерің көрмейтін құлдары бар» делінген. Ибн Хажар Мəкки "Изах-ул-манасиқ” кітабының хашийасында (кітап беттерінің шетіндегі бос жерге жазылған түсіндірмесінде) бұл дұғаның бірнеше рет тəжірибеден өткізілгенін айтады. Əбу Дауыт жəне басқалары келтірген бір хадис шəрифте: «Расулуллаһ сапарда жүргенде кешке қарай: "Ей, Раббымның жері! Сенің жамандығыңнан құтқар деп, Аллаһқа сыйынамын” дейтін» делінген.

Категория: Ислам | Добавил: By_Raiko9254
Просмотров: 2069 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Мини-чат
200

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2024