Приветствую Вас Гость | RSS
Суббота
18.05.2024, 12:41
Тұщықұдық сайтына қош келдіңіздер!
Главная Құжаттар Регистрация Вход
Меню сайта

Разделдер
Ислам [29]

Баға
Адай сайтын бағалаңыздар
Всего ответов: 764

Форма входа

Ауа райы

Главная » Файлы » Ислам діні » Ислам

Адасқан ағымдар Уаххабилік
15.05.2011, 09:39
Уаххабиліктің негізін салған Мухаммед бин Абдулуаххаб хижраның 1111 (м.1699) жылы Нəждте Хураймилə мекенінде дүниеге келіп, х.1206 (м.1791) жылы Дарийада өлді. Бұрын саяхат жəне сауда үшін Басра, Бағдат, Иран, Үндістан жəне Шамға барған. Хижраның 1125 жылы Басрада ағылшын тыңшысы Хемфердің тұзағына ілініп, ағылшындардың Исламды жою мақсатындағы əрекеттеріне құрал болған. Ахмет бин Таймийаның əһли сүннетке қайшы келетін кітаптарын оқып, "Шайх-и Нəжди” деген атпен танымал болған. Оның идеялары ағылшындардың ақшасы мен қарулары арқылы сауатсыз ауылдықтар жəне Дарийа халқы мен басшылары Мухаммед бин Сууд тарапынан қолдау тапты. Оның пікірін қабылдаған адамдар "Уаххаби” жəне "Нəжди” деп аталады.

            Мəмбеттің əкесі Абдулуаххаб жақсы мұсылман кісі еді. Əкесі жəне Мəдинадағы ғалымдар Абдулуаххаб ұлы Мəмбеттің сөздерінен оның жаңа жол ұстанатынын түсініп, адамдарға онымен сөйлеспеуді насихаттады. Алайда, ол х.1150 (м.1737) жылы уаххабилікті жариялады. Жазған кітаптарында, оның ішінде ең танымалы "Китаб-ут-тəуһидте” жəне оған немересі Абдурахман бин Хасан жасаған "Фатх-ул-мəжид” деген шархында (түсіндірмеде) 250-ден астам қате сенімдері бар. Олардың біразы "Усулул-арбаа” атты кітаптың екінші бетінде келтіріліп, əһли сүннет ғалымдары оларға қажетті жауаптар берген. Уаххабилердің бұзық сенімдерінің үш негізі бар:

            1. Амал, ғибадат - иманның бөлшегі деп санайды. Бір парызды орындамаған адам кəпір болады дейді. Оны өлтіріп, мал-мүлкін тарату керек дейді. Олар туралы "Фатх-ул-мəжид” кітабының түрлі беттерінде жазылған

            2. Пайғамбарлардың (алейһимуссалам) жəне əулиелердің (қаддасаллаһу та’ала асрараһумул азиз) рухынан шапағат сұраған адам, олардың мазарына барып, оларды себеп етіп, дұға еткен адам кəпір болады деп санайды. "Фатх-ул-мəжид” уаххаби кітабының 503-бетінде: «Пайғамбар тірі кезде одан дұға етуін сұрауға болады. Тіпті, тірі жүрген барлық салих адамнан дұға етуін сұрауға болады. Хазіреті Омар Меккеге умра жасауға бара жатқанда Расулуллаһ: "Ей Омар, бізді дұғаңнан қалдырма” деген. Тірі адамдардың өлген адамға жəне қабірдегі адамдарға арнап дұға етулеріне болады. Бірақ, қабірдегі адамнан дұға сұрауға болмайды. Аллаһу Та’ала естімейтіндерден дұға сұраудың ширк екендігін білдірді. Өлген жəне жоғалған адамдар, алыстағы тірі адамдар естімейді жəне жауап бермейді. Олардан пайда да, зиян да келмейді. Сахабалар мен олардан кейін келгендердің ешқайсысы Раслуллаһтың қабірінен ештеңе сұраған жоқ. Пайғамбар қайтыс болғаннан кейін одан бір нəрсе сұрау жаиз (рұқсат) болғанда, Омар "радиаллаһу анһ” одан жаңбыр жаудыруды сұрар еді. Алайда, оның қабіріне барып одан көмек сұраған жоқ. Тірі болған қасындағы хазіреті Аббастан дұға етуді сұрады» деп жазылған. 70-бетінде: «Өлген адамнан жəне жанында жоқ адамнан бір нəрсе сұрау - оны Аллаһқа серік (ширк келтіру) ету деген сөз» деп айтқан.

            Уаххабилердің бұл сөздерін өздерінің кітаптары теріске шығарады. "Фатх-ул-мəжид” кітабының 201-бетінде: «Бухари хадис кітабында Абдуллаһ ибн Масуд айтады: "Жеген тағамымыздың тəсбих еткен дауысын еститінбіз”. Əбу Зарр: "Расулуллаһ қолына тастарды алды. Олардың тəсбих еткен дыбыстары естілді» дейді. Расулуллаһ құтба оқыған кезде сүйеніп отырған ағаштан дыбыс шыққанын білдірген хабарлар сахих (дұрыс)» делінген. Демек, Расулуллаһтан басқа мұсылмандар да əр адамдар ести алмайтын дыбыстарды естиді. Осы тастардың Əбу Бəкірдің қолында да тəсбих еткен  дыбыстарының естілгендігі туралы сол хабарда берілген. Хазіреті Омар Мəдинада құтба оқып тұрғанда Иранда соғысып жатқан əскер қолбасшысы Сарийаны көріп: "Сарийа, таудағы дұшпаннан қорған!” дегенін, оны Сарийа естіп, тауды қолға түсіргендігі туралы оқиға барлық кітаптарда келтірілген. Уаххабилер пұтқа табынушылар үшін келген аяттармен жоғарыдағы бұзық пікірлерін дəлелдеуге тырысады. Алайда, мұсылмандар (яғни, əһли сүннет жолындағылар) пайғамбарлар мен əулиелерге табынбайды. Олардың Аллаһу Та’аланың сүйікті құлдары екендігіне, Аллаһтың олардың құрметіне құлдарына мейірімділік танытатынына сенеді. Зиян мен пайданы жарататын – Аллаһу Та’ала. Олар Аллаһу Та’аладан басқа ешкімге ғибадат жасалмайды деп айтады жəне сенеді. Мұсылмандар қабірді зиярат етіп, ондағы əулие кісінің уаситасымен (арқылы) Аллаһу Та’алаға дұға етеді.

            Аллаһу Та’аладан басқа ешкім ғайыпты білмейді. Ғайыпты тек Аллаһу Та’ала жəне оның білдірген адамдары ғана біледі. Аллаһу Та’ала көп нəрсені Расулының рухына білдіреді. Пайғамбарлар басқалар білмейтін бір талай нəрселерді біледі. "Жын” сүресінің 26-аятында: «Аллаһу Та’ала ғайыптағы нəрселердің біразын пайғамбарларының қалағанына білдіреді» делінген болса да Ақаид (сенім) ілмі кітаптарында: «Əулиелердің кереметтернің бірі - ғайыптардың біразын білуі» деп жазылған. Мутазила тобы осы аятқа сүйеніп, əулиелер ғайыпты біле алмайды деп санайды. Алайда, бұл аят ғайыптың уаситасыз (құралсыз) тек уаһи əкелетін періштеге білдірілетінін көрсетуде. Пайғамбарлар мен əулиелерге басқа періштелер арқылы немесе басқа құралдар арқылы білдіріледі. "Тафсир-и Мазхари” кітабында осы аяттың тəпсірінде: «Аллаһу Та’ала əулиелеріне уаситасыз (құралсыз) да білдіреді. Хазіреті Омарға (радиаллаһу анһ) Ирандағы Сарийаны көрсетті. Мұса алейһиссаламның анасына ұлын теңізге түсіруін, қайтадан қайтаратынын жəне пайғамбар ететіндігін білдіргенін айтады. Хауарилерге уаһи сияқты білдіргенін жəне хазіреті Мəриямға: «Құрма ағашын сілкіле. Піскен құрма жемісі пайда болады. Соны же» дегенін айтады. Олар пайғамбар емес еді. Əулиелер еді» делінген.

            Абдулғани Наблусидің "Хадиқа” кітабының 2-том, 126-бетінде «Расулуллаһ арқылы, сахабалар жəне табииндер арқылы тілек тілеуге, олар қайтыс болғаннан кейін де Аллаһу Та’алаға тауассул етуге, яғни осылардың құрметі үшін тілек тілеуге болады. Тауассул ету – "шапағатын, көмегін сұрау” деген сөз. Əһли сүннет ғалымдары мұның жаиз (дұрыс) екенін айтты. Мутазила тобы болса, сенбеді. Тауассул еткен, яғни бір салих кісінің атымен Аллаһтан тілегін сұраған адамның дұғасының қабыл болуы - əлгі тауассул етілген адамның кереметі болады. Яғни өлгеннен кейін керемет көрсетуі болады. Бидғатшы адасқан топ өкілдері бұған сенбеді» делінген. Имам Мунауи "Жами-ус-сағир” шархында (түсіндірмесінде) осы надандарға жауап беруде. Имам Субки: «Расулуллаһ арқылы тауассул ету, оның атынан Аллаһтан көмек сұрау - одан шапағат сұрау деген сөз. Бұл жақсы нəрсе. Ислам ғалымдарының бұрын жəне кейін келгендерінің ешқайсысы бұған қарсы ешнəрсе демеген. Тек Ибн Таймийа ғана қарсы болды. Осылайша, тура жолдан тайды. Өзінен бұрынғы ғалымдардың ешқайсысы айтпаған бидғатты шығарды. Мұсылмандар арасында осы бидғатымен танылды» Ислам діні дейді. (Уаххабилік Ибн Таймийаның қате пікірлеріне негізделіп құрылған). "Хадиқаның” 151-бетінде: «Кез-келген бір мужтаһидтің жаиз деген (рұқсат берген) нəрсесін жасауға кедергі болмау керек. Өйткені, төрт мазһабтың бірінің жолын ұстану - жаиз. Сондықтан да қабірді зиярат еткендерге, əулиелердің мазарларымен берекеттенгендерге, аурудан жазылу немесе жоғалған нəрсесінің табылуы үшін оларға нəзір жасап, бір нəрсе атағандарға кедергі болмау керек. Нəзір етуде "əулиеге нəзір еттім (бір нəрсе атадым)” деу ауыспалы мағынада айтылады да негізгі мақсаты сол кесенеге қызмет ететіндерге жасалатын нəзірді білдіреді. Бұл кедейге зекет берген кезде (кедейге ауыр тимеуі үшін) "қарыз бердім” деп айтуға ұқсайды. Ал мұның жаиз (рұқсат) екені кітаптарда айтылған. Бұл жерде сөзге емес, мағынасына қаралады. Сол сияқты кедейге "сыйлық” деп берілген нəрсе - садақа болады, бай адамға "садақа” деп берілген нəрсе болса - сыйлық болып есептеледі. Ибн Хажар Хайтами (рахметуллаһи та’ала алейһ) əулиелердің қабіріне нəзір етілген кезде, оның балаларына немесе шəкіріттеріне, не болмаса сол жердегі кедейлерге садақа болуы үшін дегендей басқа бір Қурбат, яғни басқа қайырымдылық ниет етілсе, осы нəзірдің сахих (дұрыс) болатынына фəтуа берген. Бұл нəзірлер ниет етілген адамдарға берілуі керек. Қазіргі таңда кесенелерге, молаларға жасалынып жатқан нəзірлердің (атау) барлығында осылай ниет етілуде. "Əулиеге нəзірім, атағаным бар” деген сөзден осыны түсіну керек. Өткен əулиелерге тіл тигізу, оларды надан деп санау, олардың сөздерінен Исламға қайшы мағыналар шығару, өлгеннен кейін де кереметтер көрсететініне сенбеу, өлгеннен кейін əулиеліктері тоқтайды деп ойлау жəне олардың қабірлерімен берекеттенгендерге, зиярат етушілерге кедергі болу - мұсылмандар туралы суи зан (жаман күмəнда, ойда болу) ету, оларға зұлымдық жасау, мал-мүлкін тартып алу, жала жабу, өтірік айту, өсектеу сияқты харам болады.

            "Хадиқа” кітабының 182-бетінде Бухаринің Əбу Хурайрадан (радиаллаһу анһ) хабар берген хадис шəрифте: «Аллаһу Та’ала: "Құлым парыздарды орындау арқылы маған жақындағаны сияқты басқа ештеңе арқылы жақындай алмайды. Құлым нəпіл ғибадаттарын жасаса, оны жақсы көремін. Ол менімен көріп, менімен есітеді. Менімен барлық нəрсені ұстайды. Менімен жүреді. Менен не қаласа беремін. Маған сыйынса, оны қорғаймын” деген» деп жазылған. Бұл хадис парыз намаздарымен бірге нəпіл намаздарын оқыған адамның Аллаһу Та’аланың сүйіспеншілігіне қауышатынын, олардың дұғалары қабыл болатынын көрсетеді. Саид бин Исмаил Əбу Осман Хайри Нишабури (рахметуллаһи алейһ): «Бұл хадис құлдың көру, есту, жүру, ұстау сияқты барлық қалауларын дереу іске асырамын дегенді білдіреді» дейді. «Істеріңде қиналған кездеріңде қабірдегілерден көмек сұраңдар» деген хадис шəриф Аллаһу Та’аланың сүйікті құлдарына өлгеннен кейін де осы күшті беретіндігін көрсетуде.

            Имам Биргиви "Əтфал-ул-муслимин” рисаласында: «Бір мұсылманның қабірін зиярат еткен кезде: "Уа Раббым! Мұхаммед алейһиссаламның құрметіне мұны азаптама” десе, Аллаһу Та’ала қияметке дейін қабірдегінің азабын тоқтатады» деген хадис шəрифті келтіреді.

            Қабірде жатқан адамда сезім болатынын білдіретін көптеген хадис шəриф бар. Сахабалар мен Табииндер пайғамбарымыздың қабірін зиярат ететін жəне онымен истиғаса ("оның құрметіне” деп дұға) ететін. Бұл туралы көптеген кітап жазылған. "Хиснул-хасин” кітабында дұға ету əдебі түсіндіріле келіп: «Дұғаның қабыл болуы үшін пайғамбарлар (алейһимуссалам) мен салих құлдарды уасила (себеп) ету керек. Бұл "Бухаридегі” хадис шəрифте білдірілді» делінген.

            Əли Рамитани хазірет: «Күнə сөйлемеген тілмен дұға етіңдер, қабыл болады» деген яғни, "Аллаһтың достары болған əулиелер құзырында жалбарыныңдар, олар сендер үшін дұға етеді” дейді. Истиғаса, яғни бір əулиеге тауассул ету деген - осы.

            Абдулуаххабұлының əһли сүннетті пұтқа жəне мазарларға табынушылар деп білуі жəне əһли сүннетті өлтіріп, мал-мүлкін алуды халал деуі – оның аяттар мен хадистерге қате мағына бергендігінен туындаған. "Бухари” кітабында келген хадис шəрифте Пайғамбарымыз: «Кəпірлер кəпірлер үшін келген аяттарды мұсылмандарға жүктейді» деген. Тағы бір хадис шəрифте: «Мұсылман аталатын адамдардың ең қауіптісі - Құран Кəрімнің мағынасын өзгерткендері» дейді. Бұл хадистер осындай адамдардың пайда болатынын, олардың тура жолдан адасқан адамдар екенін көрсетеді.

            Егер мазарларды зиярат етіп қабірдегі кісімен тауассул ету арқылы Аллаһқа жалбарынған адам кəпір болғанда, пайғамбарымызбен де тауассул етілмеген (ол арқылы да жалбарынбаған) болар еді. Алайда, Расулуллаһ арқылы ол дүниеге келместен бұрын, тірі кезінде жəне қайтыс болғаннан кейін де адамдар пайғамбарды ортаға қойып жалбарынған. "Шауаһид-ул-хақ” кітабының 153-бетінде келген Ибни Мажа көрсеткен хадис шəрифте Пайғамбарымыз: «Аллаһумма инни əс’əлука бихаққисса’илина алейка» яғни, «Ей Раббым! Сенен сұрағанда сен берген адамдардың құрметіне сенен сұраймын» дейтін жəне осылай дұға етуді бұйыратын. Сүйікті Пайғамбарымыз хазіреті Əлидің (радиаллаһу анһ) анасы Фатиманы (радиаллаһу анһа) өз қолымен мазарға қойған кезде: «Иғфирли умми Фатимата бинти Əсад уə уəсси алейһа мадхалиха би-хаққи Нəбиика уəл əнбия-иллазина мин қабли иннака əрхамур рахимин» дегендігі туралы хадис ғалымдары Табарани, Ибни Хиббан, Хаким жəне Суюти хабарлайды. Хадис имамдарынан "Насаи” мен "Тирмизи” де осыны көрсетеді. Пайғамбарымыздың жанына бір соқыр адам келеді. Көздерінің ашылуын сұрап, дұға етуді пайғамбарымыздан қалайды. Расулуллаһ оған: «Қаласаң дұға етейін. Қаласаң, осыған көніп, сабыр ет. Сабырлылық - сен үшін ең жақсы нəрсе» дейді. Соқыр адам: "Дұға еткеніңді қалаймын. Маған қарайтын ешкімім жоқ, қатты қиналып жүрмін” дейді. Пайғамбар оған жақсылап дəрет алып: «Аллаһумма инни əсəлука уə əтəуəжжəһу илəйка би-Нəбиика  Мухаммадин Нəбийиррахма. Ей Мухаммед инни əтəуəжжəху бикə ила Рабби фи хажати-хазиһи, ли тақдийа-ли Аллаһумма шəффи’һу фийа» деген дұғаны оқуды бұйырады. Дұғаның мағынасы: «Йа, Раббым! Адамдарға рақымдылық ретінде жіберген сүйікті Пайғамбарыңмен саған жалбарынамын. Сенен сұраймын. Ей Мұхаммед алейһиссалам! Тілегімнің орындалуы үшін Раббыма сен арқылы жалбарынамын. Аллаһым! Оны маған шапағатшы ет!” Сахабалар əрдайым осы дұғаны оқитын.

            Бұл туралы Имам Байхаки хабарлайды. Сондай-ақ, «тұрып көздері көріп кетті» дейді. Бұл дұғаны оған Расулуллаһтың өзі үйретті. Өзі дұға еткен жоқ. Оның тауассулға яғни пайғамбарды ортаға қойып дұға етуін жəне тілегінің осындай жолмен жасалған дұға арқылы орындалуын қалады. Расулуллаһ тірі кезінде де, қайтыс болғаннан кейін де онымен истиғаса (Шапағат, көмек сұрау. Аллаһу Та’аладан бір тілектің орындалуы үшін пайғамбарларды жəне əулиелерді уəсилə (араға қойып) етіп, сұрау, жалбарыну, дұға ету. "Истиғаса” терминінің орнына діни əдебиетте оның синонимдері болған "тауассул” жəне "ташаффу” сөздері де қолданылады.) етілді. Сəлəф-ус-салихин Расулуллаһтан кейін осы дұғаны көп оқыған жəне осы арқылы тілектеріне, мақсаттарына қауышқан. Халифа Осман (радиаллаһу анһ) бір адамның сұранысын қабылдамай жүр еді. Ол адам сахабалардан Осман бин Ханифке барып, көмек сұрағанда, ол осы дұғаны оқуды үйретеді. Əлгі кісі дұғаны оқып, халифаның қасына барған кезде сұранысы қабылданып, мəселесі шешілгені туралы Табарани мен Байхаки хабарлайды.

Жалғасын оқу

Категория: Ислам | Добавил: By_Raiko9254
Просмотров: 2314 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Мини-чат
200

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2024