1-рәкат.
|
|
|
Ниет «Бамдат намазының екі рәкат сүннетін оқуға ниет еттім» – деп іштей айтылады. Жүрекпен ниет ету – парыз, тілмен айту – мұстахап.
|
ТӘКБІР
|
|
Ерлер: Екі алақанын құбылаға қаратып, Әйелдер: Екі алақанын құбылаға қаратып,
бас бармақпен құлақ қағып саусақ
ұштарын иықтарына туралап
«Аллаһу әкбар» деп тәкбір айтады. «Аллаһу
әкбар» деп тәкбір айтады.
|
ҚИЯМ
|
|
Ерлер: Оң қолын сол қолының үстіне қойып, Әйелдер: Оң қолын сол қолының
бас бармақ пен кішкентай саусақпен үстіне қойып,
көкірек тұсына ұстайды.
сол қолдың білегін қапсыра ұстау керек.
Қос қол кіндіктен сәл төмен тұсқа байланады.
|
Сонан соң қатарымен төмендегілер оқылады:
1) Субханәкә
2) «Ә’узу» мен «бисмиллаһ»
3) Фатиха
4) Құраннан бір сүре немесе кем дегенде үш аят.
|
РҮКҮҒ
Осыдан кейін «Аллаһу әкбар» деп рүкүғке барады. Рүкүғ кезінде «субхана раббиял азим» деп үш мәрте тәсбих айтады.
|
|
Ерлер: Саусақтарының арасын ашық ұстап, Әйелдер: Саусақтарының арасын
қолды тізенің үстіне қояды.
ашпастан тізесіне қояды,
Бас пен арқа бір деңгейде болып, арқасы мен
тізесін біраз бүгеді.
аяқты түзу ұстайды.
|
«Сәмиаллаһу лимән хамидаһ» деп рүкүғден тұрады. Тұрғаннан кейін «раббәнә уә ләкәл-хамд» сөзі айтылады.
|
СӘЖДЕ
Содан соң «Аллаһу әкбар» деп сәждеге барады.Сәждеге барарда ең алдымен тізе, сосын қол, одан кейін маңдай мен мұрын жерге тиеді. Сәждеде «субхана раббиял а'ләә» деп үш мәрте тәсбих айтады.
|
|
Ерлер: Сәждеде шынтақтарын ашып, Әйелдер: Сәждеде білектерін
жерге тигізбей ұстайды. жерге қойып,
шынтақтарын
Аяқ ұшымен жер тірейді. қабырғасына жақын
ұстайды.
Аяқ ұшымен жер тірейді.
|
Екі сәжде арасындағы отырыс
Сонан соң «Аллаһу әкбар» деп басын сәждеден көтеріп тізерлеп отырады. Отырғанда «субханаллаһ» сөзі айтылатындай қысқа уақыт кідіреді. Қолымыздың ұшы тізеге тиіп, санның үстіне қойылады.
|
|
Ерлер: Сол аяғын жайып, Әйелдер: Екі аяғын оң жаққа жіберіп,
үстіне отырады. Оң аяғын жартылай жамбастап жерге
отырады.
тік ұстайды.
|
Бұдан соң «Аллаһу әкбар» деп екінші мәрте сәждеге барады, сәждеде «субхана раббиял а'ләә» деп үш мәрте тәсбих айтады.
2- рәкат. Сәждеден тұрғанда: Алдымен басын көтеріп, сонан соң қолымен тізесін таянып «Аллаһу әкбар» деп қиямға барады.
|
Қиямда кезегімен төмендегілерді оқиды:
1) «Бисмиллаһ»
2) «Фатиха»
3) Құраннан бір сүре немесе ең азы үш аят
Бұдан кейін бірінші рәкаттағы секілді рүкүғ пен сәжде жасалады. Екінші сәждеден кейін «Аллаһу әкбар» деп екі сәжде арасында отырғандай ақырғы отырысқа отырады.
|
СОҢҒЫ ОТЫРЫС
|
|
Отырғанда кезегімен төмендегілерді оқиды:
1) Әт-тахият;
2) Аллаһумма салли;
3) Аллаһумма бәрик;
4) Раббәнә әтинә
|
ЕКІ ЖАҚҚА СӘЛЕМ БЕРУ
|
|
Дұғаларын оқып болған соң «Әс-сәләәму аләйкум уа рахматуллаһ» деп, алдымен оң жақ иығына, содан соң дәл осылайша сол жағына сәлем беріп намазын тәмәмдайды. |