Приветствую Вас Гость | RSS
Суббота
18.05.2024, 13:00
Тұщықұдық сайтына қош келдіңіздер!
Главная Құжаттар Регистрация Вход
Меню сайта

Разделдер
Ислам [29]

Баға
Адай сайтын бағалаңыздар
Всего ответов: 764

Форма входа

Ауа райы

Главная » Файлы » Ислам діні » Ислам

Уаххабилік
15.05.2011, 09:34

            Құран Кəрім мұқият оқылатын болса, бірқатар аяттың расулуллаһ Мұхаммед алейһиссаламды тағзым ететіні, ұлықтайтындығы айқын байқалады. "Хужурат” сүресіндегі аятта: «Ей, иман келтіргендер! Аллаһу Та’аланың жəне Расулының алдына озбаңдар! Аллаһу Та’аладан қорқыңдар! Ей, иман келтіргендер! Пайғамбардың даусынан жоғары дауыспен сөйлемеңдер! Оған (алейһиссалам) өздеріңмен сөйлескендей сөйлемеңдер! Бұлай жасағандардың ғибадатарының сауабы жоқ етіледі. Расулуллаһтың жанында төмен дауыспен сөйлегендердің жүректерін Аллаһу Та’ала тақуалыққа толтырады. Олардың күнəларын кешіреді жəне көп сауап жазады. Оны сырттан айқайлап шақырғандар ойланбайды. Сыртқа шыққанша күтсе, өздеріне жақсы болады» деп бұйырылған. Осы бес аятты инсаптылықпен оқып ойланған кісі Аллаһу Та’аланың сүйікті Пайғабарына көрсетілуі тиіс болған құрмет жəне тағзымның қаншама жорғарылатқанын түсінеді. Бұл əмірмен үмбеттің Пайғамбарға өте əдептілікпен мəміледе болуын қатты талап еткенін көреді. Оның алдында дауысын жоғарылатқандардың бүкіл ғибадаттарының жоқ болатынын ойланған адам бұйырықтың маңыздылығын түсінуі мүмкін. Бəни Тəмим қауымынан 70 адам Мəдинаға барып, сырттан айқайлап пайғамбарымызды үйінен шақырған. Осы аяттар соларға жаза ретінде келген еді. Кейбір адамдар өздерін Бəни Тəмим тегінен шыққанбыз дейді. Сол үшін пайғамбарымыз хадис шəрифте: «Дөрекілер мен қастандық жасаушылар - шығыста» жəне «Шайтан ол жерден бүлік шығарды» деп, қолымен Нəжд жақты көрсетеді. Мазһабсыздардың бір бөлігі – Нəждилер. Олар Нəжд аймағынан шыққандықтан осылай аталған. Жоғарыдағы хадис хабар берген бүлік 1200 жылдан кейін шықты. Олар Нəждтен Хижазға (Мекке-Мəдина аймағы) барып, мұсылмандардың мал-мүлкін талан-таражға салды. Еркектерін өлтіріп, əйелдері мен балаларын құлдыққа салды. Кəпірлердің жасамаған қатыгездіктерін солар жасады.

            Жоғарыдағы көрсетілген аяттарда қайта қайта «Ей, Иман келтіргендер!» деп бұйырылған. Бұл қияметке дейін келетін барлық мұсылмандардың Расулуллаһқа құрмет көрсетуі, əдептілік танытуы бұйырылғанын көрсетеді. Тек сахабаларға бұйырылған болса, «Əй сахабалар!» делінер еді. Өйткені, «Ей, расулдың əйелдері» жəне «Ей, Мəдина халқы» деп тек бір қауымға арналған бұйырықтар да кездеседі. Намаздың, оразаның, қажылықтың, зекеттің жəне басқа ғибадаттардың қияметке дейін келетін барлық мұсылмандарға парыз екенін білдіру үшін «Ей, иман келтіргендер» деп бұйырған. Осылайша, уаххабилердің: «Расулуллаһ тірі кезде оны ұлықтауға, оған құрмет көрсетуге болатын еді. Өлгеннен кейін құрмет көрсетілмейді, одан көмек сұрауға болмайды» деген сөздерінің Құранға қайшы екендігі аяти кəримамен дəлелденіп отыр.

            Жоғарыдағы аяттар Аллаһу Та’аладан басқаны да ұлықтау керек екенін көрсетеді. "Бақара” сүресінің 104-аятында «Ей, иман келтіргендер! "Раина” демеңдер. "Бізге назар сал” деңдер. Аллаһу Та’аланың үкімдерін тыңдаңдар!» делінген. Муминдер Расулуллаһқа "раина”, яғни "бізді қорға” дейтін. "Раина” сөзі яһуди тілінде балағаттау мағынасын білдіреді. Яһудилер Пайғамбарымызға осы мағынада "раина” дейтін еді. Жаман мағынасы болғаны үшін Аллаһу Та’ала муминдерге бұл сөзді қолдануға тыйым салды. "Əнфал” сүресінің 33-аятында: «Сен олардың ішінде болғандықтан Аллаһу Та’ала оларды азаптамайды» деп бұйырылған. Қияметке дейін үмбеттің азапқа тартылмайтындығы уəде етілді. Бұл аят уаххабилердің «Ол араларыңнан кетті, топыраққа айналды» деген сөзін теріске шығарады.

            "Бақара” сүресінің 34-аятында: «Періштелерге Адамға сəжде жасаңдар деген кезімізде сəжде жасады. Тек Ібіліс сəжде жасамады» делінген. Бұл аят Адам  пайғамбарға тағзымды, оны ұлықтауды бұйырады. Шайтан Аллаһу Та’аладан басқаға тағзым етуге, ұлықтауға болмайды деп, Адам алейһиссаламды жамандап сəжде етпеді. Уаххабилер де шайтанның жолында. Юсуф пайғамбардың ата-анасы, бауырлары оған сəжде жасап, құрмет көрсететін. Аллаһтан басқаны құрметтеу, ұлықтау ширк жəне күпірлік болса, Аллаһу Та’ала сүйікті құлдары туралы айтқанда осы сипаттарын атап мақтамас еді. Əһли сүннет сенімі бойынша Аллаһтан басқаға сəжде жасау - харам. Бұл ғибадат сəждесіне ұқсағандықтан харам, тағзымға (ұлықтауды) ұқсағандықтан емес!

            Шайтан Расулуллаһқа əрдайым нəждтік қария кейпінде көрінетін. Кəпірлер Меккеде Дар-ун-надуа деген жерге жиналып, Расулуллаһты өлтіруге шешім қабылдаған кезде шайтан нəждтік қарт болып көрініп, қалай өлтіру керектігін үйретеді. Олар "Нəждтік қарияның айтқанын істейік” дескен. Сол күннен бастап шайтан "Шайх-и Нəжди” деп аталды. ("Шайх” – "ақсақал”, "қария” дегенді білдіреді).

            Мухиддин Араби "Мусамарат” кітабында былай дейді: «Құрайыш кəпірлері Қағбаны жөндеген кезде қауым басшыларының барлығы хажар-ул-əсуəд тасын орнына қоюға таласты. "Ертең таңертең алғаш келген адамнан төрелігін сұрайық, сол кімді айтса сол қойсын” деседі. Алғашқы болып Расулуллаһ (алейһиссалам) келді. Ол кезде жиырма бес жаста болатын. Барлығы қуанып: "Бұл əмин, сенімді адам, оның айтқанын істейміз” деді. Расулуллаһ: "Бір төсеніш əкеліп тасты салып, əр қабиладан (қауым, ру) бір адамнан шетінен ұстап, тасты қоятын жерге апарыңдар” деді. Сосын оны өзі мүбарак қолымен алып, орнына қойды. Сол кезде шайтан шайхи Нəжди (нəждік қарт адам) болып көрініп, бір кесекті көрсетіп, "мынаны тірек етіп қой” дейді. Мақсаты ол кесектің езіліп, хажар-и əсуəдтің орнынан құлауы жəне осы арқылы жұрттардың Расулуллаһқа "қолы ауыр”, "сұмқадам” деуіне себеп болу еді. Расулуллаһ оны түсініп, "əғузу биллаһи минаш-шайтани-ир-ражим” деді. Шайтан сол сəтте жоқ болды». Мухиддин Араби (рахметуллаһи та’ала алейһ) осы сөзінде шайтанның шайхи нəжди екенін айтқаны үшін мазһабсыздар мен уаххабилер оған жау болды. Тіпті, оны кəпір деді. Мазһабсыздардың ұстазының шайтан екендігі осы жерден де аңғарылады. Расулуллаһтан қалған жəдігер жерлер мен кесенелерді сол үшін қиратуда. Бұл орындар адамдарды мүшрік етеді деп санайды. Қасиетті орындарда Аллаһу Та’аладан тілек тілеу ширк болса, Аллаһу Та’ала қажылыққа баруды бұйырмас еді. Расулуллаһ тауап жасаған кезде тасты (хажар-и əсуəд) сүймес еді. Арафатта, Муздалифада дұға оқылмас еді, Минада тас атылмас еді, Сафа мен Мəруə арасында жүгірілмес еді. Бұл қасиетті орындар осылай ұлықталмас еді.

            Ансарлар жиналған жерге басшылары Саад бин Муаз (радиаллаһу анһ) келген кезде Расулуллаһ: «Басшыларың үшін орындарыңнан тұрыңдар» деді. Бұл бұйрық Саадты тағзым (ұлықтау) үшін берілген еді. "Саад науқас болатын. Оны мінген көлігінен түсіру үшін бұйырылған” деу қате. Өйткені, бұл іс олардың барлығына бұйырылды. Көліктен түсіру үшін айтылса, бір-екі адамға айтылар еді. Тек "Саад үшін” деп айтылар еді. "Басшыларың үшін” деп айтудың қажеті болмас еді.

            Абдуллаһ бин Омар (радиаллаһу анһ) қажылық жасауға Мəдинадан Меккеге бара жатқанда жолдағы қасиетті орындарға, Расулуллаһтың отырған жерлеріне тоқтап, намаз оқып, дұға ететін, ол жерлермен берекеттенетін. Расулуллаһтың мінберіне қолын қойып, бетіне сүртетің. Ханбали мазһабының құрушысы Имам Ахмед бин Ханбəл Мұхаммед алейһиссаламның кесенесін жəне мінбесін сүйіп, берекет алатын. Ханбали мазһабынан екендіктерін айта тұра, осы мазһабтың имамының жасаған нəрсесін ширк дейді. Бұдан олардың "Ханбалиміз” деп жалған айтатындығы аңғарылады. Имам Ахмед бин Ханбəл шафии мазһабының құрушысы имам Шафиидің көйлегін сулап, сол суды ішті. Содан берекет алды. Халид ибн Зайд Əбу Əйуб-əл-Ансари (радиаллаһу анһ) Расулуллаһтың қабіріне бетін сүрді. Біреу келіп, оны тұрғызбақшы болғанда: "Мені жібер. Тасқа, топыраққа келген жоқпын. Расулуллаһтың құзырына келдім” деген.

            Сахабалар (алейһимурридуан) Расулуллаһтың заттарымен берекеттенетін. Мысалы, дəрет алған суы, көйлегі, аса таяғы, қылышы, кесесі, жүзігі сахабалар үшін тəбəрік еді. Муминдердің анасы Умму Сəлəмада (радиаллаһу анһа) сақалының бір талы бар еді. Ауру адам келсе, оны суға салып, сол суды ауруға ішкізетін. Пайғамбарымыз қолданған кесеге су құйып, ем үшін ішетін. Хадис ғалымы хазіреті имам Бухаринің қабірінен мүшкі амбар исі шығып тұратын. Зияратқа келгендер топрағынан алып кететін еді. Ешбір ғалым жəне муфти бұған кедергі болмайтын, қарсы шықпайтын. Хадис жəне фикһ ғалымдары бұған рұқсат еткен». "Усул-ул-арбаа” кітабынан алынған үзінді аяқталды.

            "Əл-усул-ул-арбаа фи тардид-ил уаххабия” кітабында екінші асылдың соңында парсы тілінде былай делінеді: «Уаххабилер жəне сол сияқты мазһабсыздар мажаз бен истиараның (теңеу мен бейнеліліктің) не екендігін білмейді. Біреудің бір нəрсе істегенін айту, ол сөз мажаз болса да (астарлы мағынада айтылса да), күпірлік дейді. Алайда, Аллаһу Та’ала Құран Кəрімнің бірнеше жерінде істің ақиқат жаратушысы, орындаушысы өзі екендігін, мажази орындаушысы құлдары екендігін айтады. "Əнғам” сүресінің 57-аятында жəне "Юсуф” сүресінде: «Үкім - тек Аллаһқа тəн», яғни "үкім етуші жалғыз Аллаһ” деп бұйырылған. "Ниса” сүресінің 64-аятында: «Араларыңдағы келіспеушіліктерге сені үкім шығарушы етпейінше иман келтірген болып саналмайды» делінген. Бірінші аят ақиқат үкім шығарушының тек Аллаһу Та’ала екендігін, ал екінші аят адамға да мажаз (теңеу) ретінде "үкім шығарушы” делінетін көрсетеді.

            Əрбір мұсылман тірілтетін де, өлтіретін де тек Аллаһу Та’ала екенін біледі. Өйткені, "Юнус” сүресінің 56-аятында: «Тірілтетін де, өлтіретін де тек Сол» дейді. "Зумар” сүресінің 42-аятында: «Өлім уақытында адамды Аллаһу Та’ала өлтіреді» деп бұйырылды. "Сəжде” сүресінің 11- аятында мажаз ретінде «Өлтіру үшін өкіл қылынған періште сізді өлтіреді» деп бұйырылды.

            Ауруларға шипа беретін де тек Аллаһу Та’ала. Өйткені, "Шуара” сүресінің 80-аятында: «Ауырған кезімде маған тек Сол шипа береді» делінген. "Имран” сүресінің 49-аятында Иса пайғамбардың: «Соқырдың көзін ашамын жəне алапес ауруын жазамын, Аллаһу Та’аланың рұқсатымен өлгендерді тірілтемін» дегендігі көрсетілген. Адамға перзент беретін шындығында Аллаһу Та’ала. Жəбірейіл алейһиссаламның мажаз (теңеу) ретінде: «Саған пəк ұл беремін» дегенін "Мəриям” сүресінің 18-аяты көрсетеді.

            Адамның нағыз иесі – Аллаһу Та’ала. "Бақара” сүресінің 257-аятында: «Аллаһу Та’ала иман келтіргендердің иесі» деп, осыны айқын түрде көрсетеді. "Маида” сүресінің 56-аятында: «Сендердің иелерің – Аллаһ жəне оның расулы» жəне "Ахзаб” сүресінің 6-аятында «Пайғамбар муминдерге өздеріне көбірек ие!» делініп, құлдың да мажаз ретінде ие бола алатынын көрсетеді. Сол сияқты нағыз көмекші – Аллаһу Та’ала. Бірақ, Аллаһу та’ала мажаз жолымен құлдарына да "муин” (көмекші) деген. "Маида” сүресінің 3-аятында: «Жақсылық пен тақуалықта бір-біріңе көмектесіңдер!» деп бұйырылған. Уаххабилер Аллаһтан басқаның құлы деген мағынаны беретін Абдуннəби, Абдуррасул деген мұсылмандарды мүшрік деп санайды. Алайда, "Нұр” сүресінің 32-аятында: «Іштеріңдегі бойдақтардан əйел, құл, күңдердің салих болғандарын үйлендіріңдер!» деп бұйырылған. Адамдардың шынайы Раббысы – Аллаһу Та’ала. Бірақ мажаз ретінде басқаға да "Раб” делінеді. "Юсуф” сүресінің 42-аятында: «Раббыңның (қожайыныңның) қасында мені зікір ет (еске ал)» деп бұйырылған.

            Уаххабилердің ең көп тоқталған мəселесі – "истиғаса” сөзі болып табылады. Аллаһтан басқадан көмек сұрауды, оған сыйынуды олар ширк дейді. Иə, истиғаса шындығында Аллаһу Та’алаға жасалады. Мұны білмейтін мұсылманның өзі жоқ. Алайда, басқадан да истиғаса етілетінін мажаз ретінде айтуға болады. Өйткені, "Қасас” сүресінің 15-аятында: «Өз қауымынан шыққан дұшпанына қарсы одан истиғаса (көмек) сұрады» делінген. Хадис шəрифте де: «Махшарда адамдар Адам пайғамбардан истиғаса етеді (көмек сұрайды)» делінеді. "Хиснул-хасин” кітабында (Ибни Жəзəри: Шамсиддин Мухаммед бин Мухаммед бин Əли, шафиғи ғалымы. Хижр.751 (м.1350) ж. Шамда туылып, х.833 (м.1429) ж. Ширазда қайтыс болған. "Хисн-ул-хасин” дұға кітабы арапша жəне парсыша аудармаларымен бірге басылған. ) келген хадис шəрифте: «Жəрдем керек болған адам: "Ей, Аллаһтың құлдары, бізге көмектесіңдер” десін!» деп жазылған. Бұл хадис қасында жоқ адамнан көмек сұрауды бұйыруда». "əл- Усул-ул-арбаа” кітабынан жасалған аударма аяқталды.

            Хижраның 1150 жылы (м.1737) Мəмбет бин Абдулуаххабтың ағылшын тыңшысы Хемфермен бірігіп таратқан уаххабилік сенімдері аз уақыттан соң саяси сипатқа ие болды. Ағылшындардың саяси жəне əскери көмегімен Арабстанға таралды. Осман падишахы ІІ Махмуд Ханның бұйрығымен Мысыр əкімі Қавалалы Мухаммед Əли Паша Арабстанды уаххаби қарақшыларынан тазартты. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін халифат құлатылып Арабстанға қайтадан ағылшындардың қолдауымен уаххабилер қоныстандырылды. Соның нəтижесінде 1932 жылы Сауд Арабиясы мемлекеті құрылды.

 

٭٭٭٭٭٭

 

"Усулул-арбаа” - Мухаммед Хасан Жан Сирхинди. х.1349 (м. 1930) жылы қайтыс болған.

"Мəжма-ул-əнхур” – Абдуррахман Шайхизада, Пайғамбар ұрпағы - саййид, Арабстанда Забид муфтисі еді.

"Кəшф-ун-нур ан асхаб-ил-қубур” Абдулғани Наблуси. Фикһ, тафсир, хадис жəне тасаууф ғалымы. Хижраның 1050 (м.1640) ж. Шамда (Дамаск) туылып, х.1143 (м.1731) ж. сол жерде қайтыс болған.

"Жами-ул-фəтауа” – Əбул-Қасым Самарқанди, ханафи фикһ ғалымы, х.556 (м.1161) жылы қайтыс болған.

"Тəнуир-ул-абсар”, Шамсиддин Мухаммед бин Абдуллаһ Ғаззи - Тимурташи, ханафи фикһ ғалымы, х.1004 (м.1595) ж. Палестинаның Ғазза қаласында қайтыс болған.

"Қунуз-уд-дəқаиқ” - Абдуррауф Мунауи (немесе Манауи), шафии фикһ ғалымы, "Қунуз-уд-дəқаиқ” кітабында 10 мың хадис бар, х.1031 (м.1621) ж. Каирде қайтыс болған.

"Иршад-ут-талибин” - Санауллаһи Пани-Пути Дехлеви, ханафи ғалымы, 10 томдық арапша "Тафсир-и Мазхари” кітабымен тағы басқа отызға жуық кітабы бар. х.1143 (м.1730) ж. Үндістанның Пани-пут қаласында туылып, х.1225 (м.1810) ж. сол жерде қайтыс болған.

"Хиснул-хасин” – Ибни Жəзəри: Шамсиддин Мухаммед бин Мухаммед бин Əли, шафиғи ғалымы. Хижр.751 (м.1350) ж. Шамда туылып, х.833 (м.1429) ж. Ширазда қайтыс болған. "Хисн-ул-хасин” дұға кітабы арапша жəне парсыша аудармаларымен бірге басылған.

Категория: Ислам | Добавил: By_Raiko9254
Просмотров: 1552 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Мини-чат
200

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2024